Президент әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінің басшысын тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Бұл лауазымға Айбек Дәдебаев тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Айбек Дәдебаев бұған дейін президент іс басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін президент әкімшілігін Олжас Бектенов басқарды. Ол бүгін премьер-министр болып тағайындалды.