Астанада «Jastar talks: Ашық диалог» ауқымды жастар форумы өтті
Оның алаңында қоғамды толғандырған өзекті мәселелерді талқылау үшін кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері жиналды. Іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпақ пен мемлекеттік құрылым өкілдері арасында тиімді байланыс орнату болды.
