Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының және ШЖҚ "Алматы Су" МКК, "Алматы жылу желілері" ЖШС, "Алматеплокоммунэнерго" ЖШС, сонымен қатар ірі мердігерлік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.