Мәжіліс депутаттары электромобиль иелеріне ақысыз көлік тұрағын беруді ұсынып отыр. Бұл туралы электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заң жобасын әзірлеуші топтың жетекшісі, депутат Арман Қалықов айтты.
2023 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша, Қазақстанда 4,9 миллион көлік бар. Бұл бір жыл бұрынғыдан 12%-ке көп. Оның 4,3 миллионы жеңіл, 492,7 мыңы жүк көлігі, 100,7 мыңы автобустар.