Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет электромобильдер шеруі өтеді

Елордада Дүниежүзілік қоршаған орта күні Нұр-Сұлтан — Бурабай — Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша 540 км қашықтықты жүріп өтетін электромобильдердің Jasyl Jol алғашқы автошеруі өтеді.

«Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда қоғамдық көлікті экологиялық таза отын түрлеріне көшіру үшін жағдай жасау, электромобильдерді енгізу және олар үшін тиісті инфрақұрылым құру маңызды екенін атап өтті.

Электромобильдердің автошеруі басталар алдында дөңгелек үстел өтеді, оған Қазақстанда электр көлігінің инфрақұрылымын дамыту және насихаттау мәселелерін талқылау үшін министрліктердің, бизнестің және халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған.

«Қазақстан Республикасында көліктің балама түрлерін ілгерілету – қалдықты азайтуға және орнықты қалаларды дамытуға қосар үлес» атты дөңгелек үстел өтеді. Сонымен қатар қатысамын деушілерге арнап электромобильдер көрмесі өтеді.