Илон Маск Қазақстанға Tesla ресми түрде келетінін жариялады

Біз жақында Ресейде боламыз, ал Tesla Ресейге ресми барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек, — деді Маск ресейлік «Новое знание» марафонында бейне байланыс арқылы.

Ол сонымен бірге Tesla Ресейді электромобиль шығаратын зауыттардың ықтимал орны ретінде қарастыратынын айтты.

Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екені хабарланған еді. Tesla ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады.

ДереккөзTengrinews.kz