Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту аудандағы инженерлік инфрақұрылымды дамытудың маңызды міндеті екенін айтты.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қыс мезгіліндегі жұмыс барысын пысықтау мақсатында «М.Мәметова атындағы Орал Халықаралық әуежайы» ЖШС, «Батыс СуАрнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс Қазақстан электр желілік компаниясы» ЖШС стратегиялық әрі әлеуметтік маңызы бар мекемелері мен кәріздік тазалау жүйесі нысандарына арнайы барды.
Алматыда су, жылу, электр энергиясы желілері мен қорлары тозған. Бұл туралы Алматының энергетика және сумен қамту басқармасының бөлім басшысы Нұрбақыт Серікбай айтты.