Алматыдағы электр желілерінің 60%-тен астамы тозған

Алматыда сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілер мен қорлардың 50%-тен астамы, жылу және электр энергиясымен жабдықтау желілерінің 60%-тен астамы тозған.

Апат тіркелген жоқ, дегенмен жабдықтың тозуы салдарынан 2015 жылдан бастап жылу энергетикасы саласында қондырғылар істен шыққан, I және II дәрежелі ақаулар пайда болды. 2017 жылдан бері істен шыққан жабдықтардың саны қысқарып келе жатқанына қарамастан, аталған фактілер өзгеріссіз қалып отыр, — деді Нұрбақыт Серікбай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сала мамандары желілер тозғанымен, тариф көтерілмегенін атап өтті. Сумен жабдықтау және су бұру салалары халыққа 2019 жылғы тарифпен қызмет көрсетіп келеді.