«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Ұлытау облысына іссапар барысында Жезқазған-Қызылорда республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының барысын қадағалап, облыс әкімі Дастан Рыспековке автожолдың қайта жаңарту жобасын таныстырды.
Биыл Қазақстан бойынша барлығы 10 700 шақырым жолға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында айтты.
Еліміздің үш облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.