Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.

Бұл туралы өңір әкімдігі хабарлады.

Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар Батыс Еуропа-Батыс Қытай автобанының Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша, 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіп жатыр. Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

14 желтоқсанда сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1 279 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олар Қордай ауданындағы алты жылыту пунктіне орналастырылған (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).

Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтыланып жатыр. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады. Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігіп жатыр, — делінген хабарламада.

Облыстың төрт ауданының 32 елдімекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.