Биыл Қазақстан ауылдарының 92%-і ауыз сумен қамтылады. Бүгінде Алматы (98,3%), Атырау (98,5%) және Қызылорда (97,6%) облыстарындағы ауыл тұрғындары ауыз сумен толық қамтылған.
Бүгінгі таңда Астана халқының 99,8% орталықтандырылған сумен жабдықталған. Қала тұрғындары үйлерінің 94,5% сумен қамтылса, 5,3% ауыз суды су бөлетін мұнаралар арқылы алады.