Халықты сумен жабдықтау қызметтерінің сапасын жоғарылату мен су шаруашылығы кәсіпорны шығынын қысқарту мақсатында су бөлетін мұнаралардың санын азайту және оларды жою жөніндегі бағдарлама бекітілді.
Бүгінгі таңда қалада жұмыс істейтін 210 су бөлетін мұнараның 110-ын 2020 жылға дейін орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қосу жоспарлануда.
Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 1266 шақырымды, су тарту желілерінің ұзындығы 735 шақырымды құрайды. Сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 44 %-ға, су тарту желілерінің тозу деңгейі орта есеппен40 %-ға тең.
Биыл Астанада қаладағы желілердің 48,1 шақырымын жөндеуге мүмкіндік беретін 10 жоба іске асырылып, желілердің 10 шақырымы жаңадан салынады деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек, қала шеттерін дамыту тұжырымдамасының аясында әкімдік Астананың 20 тұрғын үй алабында жолдар мен инженерлік желілердің құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл алаң 232, 38 шақырымдық жолды, 522 шақырымдық инженерлік желілерді қамтиды.
2011 жылдан бүгінге дейін жолдардың 125, 8 шақырымы мен инженерлік желілердің 295,7 шақырымы салынды.
2018 жылы Көктал-2, Комсомол, Оңтүстік-Шығыс, Ильинка және басқа тұрғын үй алаптарында ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын 8 көшенің, 21,2 шақырымдық инженерлік желілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Аталмыш бағыттағы жұмыстар 2022 жылға дейінгі Астана қаласын ықшамды етіп құру жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Қолданыстағы ағын суды тазартатын канализациялық тазартқыш ғимараттардың қуаттылығы тәулігіне 254 мың текше метрді құрайды. Қуаттылықтың мұндай деңгейі қауырт шақта жеткіліксіз.
Аталмыш мәселені шешу үшін қала әкімдігіАзия даму банкімен бірлесіп, МЖӘ механизмі арқылы КТҒ-2 құрылысын жүргізбек.
Тұжырымдаманың аяқталу мерзімі – осы жылдың маусымы.
Сондай-ақ, әкімдік мақұлданған техникалық көмектің аясында АДБ-мен бірлесіп, «Астана қаласының су ресурстарын біріктіріп басқарудың шеберлік жоспары» жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоба Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің, Майбалық, Үлкен және Кіші Талдыкөл көлдерінің, Астана су қоймасының, контрреттеушінің, Нұра-Есіл арнасының су нысандары мен гидротехникалық ғимараттарындағы су мен жер асты суын реттеу мен пайдалану шаралары кешенін іске асыруды қарастырады.
Шеберлік жоспары 2019 жылдың сәуірінде әзірленбек.