Қазір анықтаманы да, жоғалған құжаттарыңызды қайта алуды да, тіпті, кезекке тұруды да халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, үйде отырып тындыруға болады.
1. Электронды сандық қолтаңба деген не?
Электрондық сандық қолтаңба – бұл заңды тұлғаның өз қолтаңбасының нақты электронды көшірмесі. ЭСҚ электронды құжаттың заңды күшіне енуіне арналған. Ол құжатты жасанды көшірмеден қорғайды.
Ұлттық куәландыру орталығының сертификаты бойынша электрондық қолтаңба Сізге билікпен, барлық деңгейдегі кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынастарға жол ашады.
2. Электрондық сандық қолтаңбаны қайдан алуға болады?
Электрондық сандық қолтаңбаны жеке және заңды тұлғалар ала алады. Халыққа ЭСҚ берумен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ айналысады.
Электрондық сандық қолтаңба алу үшін сіз жақын жердегі ҚР ҰКО тіркеу орталығына өтініш білдіруге тиіссіз.
ЭСҚ алу үшін мына құжаттар керек:
1) тапсырыс нөмірі мен тапсырыс берушінің қолы бар өтініш (үлгі бойынша);
2) тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжат – тіркеу куәлігінің иесі (жеке басын куәландыратын құжат, паспорт, мекен-жайы, уақытша куәлік) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмесі;
3) жеке тұлға өкілі тапсырыс беруші атына сертификат алса, алайда Тіркеу орталығына келмесе, нотариуспен куәландырылған сенімхат (үлгі бойынша) немесе негізгі сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
3. Электрондық сандық қолтаңбаның ашық және жабық кілті деген не?
ЭСҚ пайдаланушысына ашық және жабық криптографиялық кілттер беріледі.
Құпия кілттің көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған дискета, смарт-карта немесе флеш-карта арқылы тасымалдауға берілуі мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек.
ЭСҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілт қолданылады. Қазақстан Республикасы Куәландыру орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған.
Куәландыру орталығы ашық кілттерге тіркеу және бұрмалау мен жасанды түрлерін жасаудан сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.
Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді.
4. ЭСҚ-ны онлайн алудың алгоритмі
ЭЦҚ алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының – www.pki.gov.kz сайтына кіру керек. ЭЦҚ алу үшін мынадай қадамдар жасау керек:
1 қадам. Цифрлық қолтаңба жүйесі жұмыс жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату.
2 қадам. ЭЦҚ алуға өтінім беру. Өз деректеріңізді, ЖСН (жеке куәлік штрих-коды астындағы нөмір) толтырған соң, сіздің тапсырысыңызды жіберетін тетікті басамыз. Одан кейін сіздің тапсырысыңызға нөмір белгіленеді, оны ХҚО-да тіркету керек. Болмаса сол сайттағы сіздің деректемелеріңіз бен нөміріңіз бар дайын сауалнаманы көшіріп алсаңыз да болады.
3 қадам. Сайттағы деректер өңделгеннен кейін, екі күн ішінде онлайн тапсырыста жазылған электронды поштаға сертификаттар келеді.
ЭЦҚ пайдаланушының электронды поштасына екі сертификат пен ашық және құпия кілт келуі керек.
5. ЭСҚ қалай жұмыс істейді?
Электрондық қолтаңбамен жұмыс жасау қиындық туғызбайды және ол үшін арнайы білімнің қажеті жоқ.
Мысалы, сіздің жылжымайтын мүлікті иелену анықтамасын алуыңыз керек. Ол үшін электронды үкімет порталы - www.e.gov.kz сайтына кіріп, тіркеліңіз. Тіркелген соң сайтта сіздің «Жеке кабинетіңіз» пайда болады. Осы жерден «Азаматтарға қызмет» бөлімін таңдаңыз, тізімде керекті анықтаманы іздеңіз. Тапқан соң арнайы үлгідегі тапсырысты толтырып, өзіңіздің электрондық қолтаңбаңызбен қол қойып жіберіп, Әділет министрлігінен жауап күтесіз.
Ең көбі 5 күннен кейін сізге заңды анықтама келеді, оны сіз принтерден басып шығарып алып, тиісті мекемелерге ұсына аласыз.
6. ЭСҚ арқылы қандай қызметтер алуға болады?
ЭСҚ арқылы сіз:
- Мемлекеттік органдардың виртуалдық қабылдауына өтініштерді жүзеге асырасыз (бұл қызмет ҚР азаматтарына өз өтініштерін мемлекеттік органдарға тапсыруға мүмкіндік және өтініштің дәрежесін: мемлекеттік органға жеткізілгенін, орындалуға берілгенін, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік орган тарапынан жауапты әрекетке кепілдік береді);
- үйден шықпай тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді ала аласыз;
- тауарлардың және қызметтердің электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиімді баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз;
- Интернет арқылы қазіргі заман негізінде ең аз шығынмен аса тиімді қарым-қатынас жасай аласыз;
- Қазақстанның кез-келген облысы, қаласындағы серіктестермен алыстан жүргізу режимінде экономикалық операцияларды жасай отырып, өз бизнесіңіздің таралу шегін кеңейте аласыз;
- Сондай-ақ, мекенжай туралы анықтама, жоғалған құжаттарыңызды қайта алу, балабақшаға кезекке тұру, салық комитетіндегі қарыздар туралы ақпарат, т.б. көптеген қызметтерді ала аласыз.