Домой Теги балық

балық

Бұл беттен сіз "балық" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: балық (6), Балық салат (2), дәмді салат (8), жаңа жыл (3)

Балық қосылған салат

Бізге керегі:
  • Сәбіз – 2дана
  • Ұсақ балық – 500г
  • Пияз
  • Өсімдік майы – 2 ас қасық
  • Қияр – 2 дана
  • Тәтті қызыл бұрыш дәміне қарай
  • Сарымсақ
  • 1 ас қасық сірке суы 9%
  • Аскөк
  • Тұз
Салаттар дайындау суретімен: Пиязды дөңгелектеп тураймыз да сірке суын құямыз. Сәбізді тазалап , ұзыншалап жіңішке етіп тураймыз. Содан сон сәбіз бен пиязымызды араластырып, қыздырылған өсімдік майын құямыз. Ұсақ балықтарымызды қайнаған суға үш минуттақа саламыз. Әрі қарай ұсақ балықтарымызды алып, суытып майдалап тураймыз. Қиярды ұзыншалап тураймыз тұз сеуіп сарымсақты үкіштен өткізіп бирге араластырамыз. Енді барлығын араластырып, тоңазтқышқа қоямыз. Дастарханға қоярда аскокпен сәндеп қоямыз. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Консервіленген балықтан салат жасау

Балық салат Бізге қажет болады:
  • консервіленген скумбрия немесе тунец
  • 1 қияр
  • 1 қызанақ
  • 2 жұмыртқа
  • 3-4 ас қасық піскен күріш
  • көк пияз
  • майонез (optional)
Күрішті пісіріп алыңыз. Жұмыртқаларды да пісіріңіз. Балықты майымен қоса езіңіз. Қызанақ пен қиярды, көк пияз бен піскен жұмыртқаларды майдалап тураңыз. Күріш қосып бәрін араластырыңыз. Тұздаудың қажеті жоқ. Қалауыңызша майонез қосыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
балық сорпасы, балық сорпасын дайындау, дәмді сорпа, балық сорпасы

Дәмді балық сорпасы

балық сорпасы, балық сорпасын дайындау, дәмді сорпа, балық сорпасыБізге қажет болады:
  • үлкен ақсерке басы
  • 3 картоп
  • 2 сәбіз
  • 2 пияз
  • 3 лавр жапырғы
  • бүтіндей қара бұрыш
  • 2 ас қасық томат
  • тұз
Ақсерке балығын жуып, көзін ағызыңыз. Салқын суға қойып, қайнатыңыз аламыз. Шыққан көбікті алыңыз. Тұздап (1 ас қасық шамасында), қара бұрыш пен лавр жапырағын қосыңыз. Кішігірім пияз бен сәбізді аршып, бүтіндей сорпаға қосыңыз. Бастың еті қызарып піскенге дейін жәй отта қайнатыңыз. Табада май қыздырып, пияз бен сәбізді тұрап қуырыңыз. Піскен басты, сәбіз, пияз және лавр жапырақтарын сорпадан сүзіп алыңыз. Сорпа азалса, қайнаған су қосып (тұз мөлшерін тексеріңіз), тұралған картоптарды, томатты және майға қуырылған сәбіз бен пиязды қосып қайнатыңыз. Бастың қызыл етін сүйектен ажыратып, етті қайта сорпаға салыңыз. Аскөкпен қоса сервис жасаңыз. Сорпаны қара нан не болмаса қытырлақ нанмен жеген дәмді. Ас болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
балық еті, котлет жасау

Балық етінен жасалған котлет

балық еті, котлет жасауБізге қажет болады:
  • жуылған 3 минтай балығынан филе
  • 2 тілім нан жұмсағы
  • 2 жұмыртқа
  • бұрыш, тұз
  • 3 картоп
  • 3 пияз
  • 2 ас қасық майонез
  • кептірілген нан ұнтағы (панир.сухари)
Филе мен пиязды ет тартқыштан өткізіңіз. Жұмыртқа мен нан жұмсағымен араластырыңыз. Талғамыңызға қарай бұрыш, тұз қосыңыз. Картопты майда үккіштен өткізіп қосыңыз. Бәрін жақсылап араластырып, майонез қосыңыз да қалаған формада котлет жасап кептірілген нан ұнтағына малып алдын ала қыздырылған майға екі жағын ауыстырып қуырыңыз. Гарнирге картоп пюресі немесе макарондар жақсы келеді. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
балық пісіру, піскен балық, дәмді балық

Духовкада жарты балықты пісіреміз

балық пісіру, піскен балық, дәмді балықБізге қажет болады: 
  • балық
  • майонез
  • сарымсақ
  • зәйтүн майы
  • тұз
  • бұрыш
  • лимон суы
Балық пен майдан басқасының бәрін бір ыдыста араластырыңыз. Аздап аскөк қосылса да болады. Балықты жуып кептіріп алыңыз. Енді майонез қоспасын балыққа жағыңыз. Жиырма минутқа қойып қойыңыз.  Пісіретін ыдысты майлап, балықты қойып, 220 С алдын ала қыздырылған духовкада пісіріңіз. Қасына қалаған гарнир немесе соус жасауға болады. Міне балық дайын болды. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com  
корей асханасы, Кимбап жасау, дәмді Кимбап, Кимбап жасау жолы

Корей асханасының тағамы – Кимбап жасау

корей асханасы, Кимбап жасау, дәмді Кимбап, Кимбап жасау жолы Бүгін мен сіздерді корей асханасының танымал тағамы "Кимбаптың" жасалу жолымен таныстырмақпын. Кимабап дайындау үшін бізге қажет болады: корей асханасы, Кимбап жасау, дәмді Кимбап, Кимбап жасау жолы
  • Нори жапырақшалары
Піскен күріш, кимбап күріш
  • Піскен күріш
Қияр, сыр, краб таяқшалары, балық, колбаса
  • Қияр, сыр, краб таяқшалары, балық, колбаса т.б.
Кимбаптың бір ыңғайлы жері оның ішіне үйдегі тоңазытқыштан табылатын кез-келген көк-өністер мен балық, колбаса, сыр сынды өзгеде тағамдарды сала беруге болады.
қайнаған күріш, күріш қайнату Алдымен күрішті жақсылап жуып, үстіне күріштің өзінен сәл асырып су құямыз. Су қайнағанға дейін күріш табаға жабысып қалмауы үшін араластырып тұрған абзал. Су қайнаған кезде отты төмендетіп, бетіне жартылай қиғаш етіп қақпағын жауып қоямыз. 20-25 минуттай тұрғаннан соң күріштің суы тартылады. Дайын күрішті сол ыстық күй нори жапырақшасына саламыз. піскен күріш
Erke_ky3ден кеңес: Нори жапырақшасына салқындаған күріштен гөрі ыстық күріш салса, кимбапты ораған кезде ол нығыз болып шығады.
Дәмді күріш Арасына алдын-ала дайындаған қияр, сырларды саламыз. күріш, сыр
Erke_ky3ден кеңес: Кимбап дайындаған кезде арасында міндетті түрде қияр, редиска сынды өзек салып жіберу керек. Ол дайын кимбапты турауға ыңғайлы болуы үшін.
кимбап суреті, дәмді кимбап "Кимбап" дайын! Кимбап және Ерке қыз, Ерке қыз, Кимбап Ерке қыз Астарыңыз дәмді болсын! Дайындаған: https://twitter.com/RakishevaA

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР