Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай төрт күн демалады.
Демалыс және мереке күндері 30, 31 желтоқсанға және 1, 2 қаңтарға сәйкес келіп тұр.
Үкімет 31 желтоқсан — дүйсенбіні демалыс күні деп белгілегендіктен 29 желтоқсан — сенбі жұмыс күні болады.
Еске салайық, бұған дейін 2019 жылы қазақстандықтардың қанша күн демалатынын хабарлаған едік. Наурыз айында Қазақстан халқын ең көп демалыс күні күтіп тұр — 14 күн!
