Қазақстандықтар 2019 жылы қанша күн демалады?

2019 жылы ең ұзақ демалыс күндері наурыз айына түсіп тұр. Бұл айда еліміз 14 күн демалады.

Мамыр мен желтоқсан айларында 12 күннен, қаңтар айында 11 күн, ақпан, сәуір және қазан айларында 8 күннен демалса, маусым мен тамызда 10 күннен, шілде, қыркүйек және қараша айларында 9 күннен демалады.

Мереке күндері

Ұлттық мереке: 16-17 желтоқсан — Тәуелсіздік күні;

Мемлекеттік мерекелер: 1-2 қаңтар — Жаңа жыл; 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні; 21-23 наурыз — Наурыз мейрамы; 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр — Отан қорғаушы күні; 9 мамыр — Жеңіс күні; 6 шілде — Астана күні; 30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2019 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.

Бес күн жұмыс істейтіндерге: 23 наурыздан 25 наурызға; 6 шілдеден 8 шілдеге; 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға өзгертілді;

Алты күн жұмыс істейтіндерге: 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға ауыстырылды.

Кодекстің 84-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні есептеледі.

Сонымен қатар мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар — православие Рождествосы демалыс күндері болып саналады. Ал 2019 жылы Құрбан айттың бірінші күні 11 тамызға тура келіп тұр.

ДереккөзZakon.kz