Ермек Маржықпаев қаржылық тәртiпті сақтауды қатаң тапсырды

Сондықтан қала әкiмi Ермек Маржықпаев 7 қарашада өткен аппарат кеңесiне қатысушылардың бәрiне қаржылық тәртiп пен жыл басында қолға алынған жобаларды соңына дейiн жеткiзудi қадап тапсырды.

Бюджеттiң кiрiсi мен шығысы жайлы қаржы бөлiмiнiң жетекшiсi Гүлнәр Құсайынова айтып бердi. Оның сөзiнше, бюджеттiң кiрiс бөлiмi 36 миллион теңге қормен орындалған. Алкоголь өнiмдерiнiң акциздерiне қатысты жұмыстарда шалағайлық бар. Ал, жер сатумен байланысты 380 миллион теңгемен жергiлiктi бюджет толықты. Шығысқа келетiн болсақ, оның басым бөлiгi тұрғын үй шаруашылығы мен құрылыс бөлiмдерiне тиесiлi. Соған орай қала әкiмi әлеуметтiк нысандарды салып жатқан мердiгер ұйымдарды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Кiрпiш және құрылыс материалдарын өндiретiн жергiлiктi кәсiп иелерiмен келiссөздер жүргiзiлген. Мұның бәрi мемлекеттiк бағдарлама бойынша жұмыстарды жоспарлы түрде аяқтауды көздейдi. Бүгiнде «Юбилейный» мен «Центральный» мөлтек аудандарының аулаларын жөндеу жұмыстары аяқталып келедi. Ол аумақтарда шағын сәулет формаларын орналастыру ғана қалды. Кей жерлерде асфальт салынып бiтпедi, жұмыс сапасына нұқсан келтiрмес үшiн келесi жылға қалдырған жөн. Балалардың ойын және спорт алаңдарын орнату толық аяқталды. Келесi жылы қолға алынатын жобаларға мән берген азбал. Жыл соңына дейiн олардың жобалық-сметалық құжатын аяқтау қажеттiгiн де ескерттi. Бұл жұмыстарға бағдарлама әкiмшiлерiне асқан жауапкершiлiкпен қарауды тапсырды. Өйткенi, қаржыны маңызды және өзектi нысандарға салу керек. Мысалы, екi жаяу жүргiншi көпiрi мен жолдардың проблемалық учаскелерi басты назарда ұсталуға тиiс. Жалпы алғанда қаржыны сапалы жұмсау жайлы барлық бөлiмдер мен мекемелерге қадап тапсырылды. Оның iшiнде жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, бiлiм, спорт, ауылшаруашылығы, ветеринария, iшкi саясат және басқа да ведомстволарға, коммуналдық кәсiпорындарға өз көрсеткiштерiн жақсарту қажет делiндi.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!