Еліміздің біраз жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік-Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болжануда.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде жөне таңертең тұман болады.
Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де қатты жел соғады деп болжануда.
