Отандық киноөндіріс «Ректор» сериалымен толықты

«Ректор» сериалы – Ұлттық мұражайда тәжірибеден өтіп жүрген студенттер туралы хикая. Олар көне ескерткіштерді, ата-бабаларының ерекше әлемін зерттеп қана қоймай, қызықты оқиғалардың куәсі атанады. Әуеліде туындыны «Мұражайдағы практиканттар» деп атау жоспарланған. Кейін «Ректор» дегенді жөн санапты. Сериал әрқайсысы 25 минуттар тұратын 12 бөлімнен тұрады.

Сериалға жас актерлар: Нұрсұлтан Сыдық, Әсел Нұртазина, Данияр Оразаев, Таңсұлу Баталова және Жұлдыз Ерболатпен бірге Айгүл Иманбаева, Әсел Акбар және Ғани Құлжанов түсті.

Айта кетейік, сериал «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің тапсырысымен Астанада түсірілді.

Жобаның бас продюсері — Алмас Әлімжанов.