«Aqmol» сауда желісінің үш дүкені ашылады

Елордада жыл соңына дейін «AQMOL» сауда желісінің үш дүкені ашылады. Оның алғашқысы қазан айының аяғында  қызмет көрсете бастайды. Жаңа сауда желісінің жобасын Астана маңында азық-түлік белдеуі аясында «Есіл» кәсіпкерлік корпорациясы ашқалы отыр.

«Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жаңа сауда желісінің жобасын жасады. Қазіргі уақытта оны іске асыруға дайындық жүріп жатыр. Аймақтың 10 өндірушісімен келісім-шартқа қол қойылды. Олардың арасында өнімі сұранысқа ие компаниялар бар. Азық-түлік тағамдарының қолжетімді болуы үшін жоба екі кезеңнен тұрады.

«Биыл Астанада Ақмола облысың азық-түлік бренді үш жерге жеткізіледі. 2018 жылға қарай мұндай көтерме-бөлшек саула жасайтын он дүкен болады», — деді «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қазбек Ескендіров.

«AQMOL» маркетінің алғашқысы Қошқарбаев даңғылында ашылады.

Оның аумағы 200-500 шаршы метр болуы мүмкін. Ескендіровтің айтуынша, астаналықтарға әрдайым азық-түлік мол болуы үшін тауар тікелей кәсіпорыннан үстеме баға қосылмай жеткізіледі. Осындай мақсатпен «АҚМОЛ» сауда үйі» ЖШС құрылып, оның құрамына аймақтың ең ірі он тауар өндірушісі кірді. Олар: «Агрофирма», «Родина» ЖШС, «Ижевский», «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Қалалықсүтзауыты», «Айна» сауда үйі» ЖК және тағы басқа сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар.

Болашақта тауар өндірушілердің тізімі ұлғаяды.

«Өзіндік сауда желісін құру тауар өндірушілерге сатуды жақсартуға мүмкіндік береді. Ал тұтынушылар үнемі сапалы, әрі жаңа азық-түлікті қолжетімді бағамен алады. Өйткені, ортадағы делдал араға түсе алмайды», — деді басқарма төрағасы.

Осылайша, жоба тұтынушыларға да, тауар өндірушілерге де пайдалы болады.

Айта кетейік, үкіметтің селекторлық отырысында астана маңындағы азық-түлік белдеуін дамытудың жол картасы қабылданған еді. Қазіргі уақытта Астана миллионға жуық адам тұрады. Олар 617 мың тоннадан аса азық түлікті тұтынады. Ол үшін елордадан үш жүз шақырым қашықтықта ауыл шараушылық кәсіпорындары тартылады. Мұндай тапсырмалар Ақмола облысының 17 ауданына да берілді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!