Не болды?
Көлікке жалған нөмір таққан азаматтарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Депутат Бақытжан Базарбектің 2026 жылғы 6 мамырда өткен мәжіліс отырысындағы сөзіне қарағанда, көлікке жалған нөмір тағудың салдары мен қоғамға зияны артып келеді.
Көлікке жалған нөмір тағу салдарынан жол апаты болып, жұрт зардап шегіп жатыр. Тергеу барысында жол апатына кінәлі жүргізушінің көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққаны анықталады, — дейді депутат Бақытжан Базарбек.
Депутаттың айтуынша, Қылмыстық кодекстің жол ережесіне қатысты 345–351-баптары арқылы бұл мәселені реттеу мүмкін емес. Ал 386-бап бойынша мемлекеттін тіркеу нөмірін қолдан жасап, өткізген азаматтарға ғана жауапкершілік жүктеуге болады. Бақытжан Базарбек жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланғандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеуді ұсынды.
Контекст
Естеріңізге салайық, көлік нөмірі лас, оқылмайтын болса, 21 625 теңге айыппұл салынады.
