Қазақстанда халық саны 20,5 миллионға жетті

Не болды?

2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға артқан. Халық саны бойынша Алматы (2 351 424 адам), Астана (1 649 242 адам), Шымкент (1 298 279 адам) көш бастап тұр. Қала тұрғындары 13 106 358 адамға жетті. Ал ауыл халқы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 54 168 адамға азайып, 7 411 647 адам болды. Қазір елімізде халық саны 20 518 005 адамға жетті.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20 478 879 адам болған еді.