«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
2026 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанып отыр, – делінген хабарламада.
Мамандардың мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, желдің әлсіз соғуы, тұман және температуралық инверсия жатады.
