Бурабай жер телімдерін жалға беретін болды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік және рекреациялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін ұзақ мерзімге жалға береді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бурабай курорты аумағында қонақүйлер, этноауылдар және демалысқа арналған түрлі туристік нысандар салуға жол ашылады.

Бұл бастама президенттің жаңа туристік аймақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Ақбура», Жүкей көлі, Қатаркөл және Текекөл сияқты аумақтарды дамыту көзделген. Осы мақсатта «Бурабай» ұлттық паркі туристер сирек баратын, бірақ болашағы зор жерлерді таңдап, инвесторлар үшін арнайы жер телімдерін дайындап жатыр. Ұлттық парк жер учаскелері қолданыстағы заңнамаға сай, барлық экологиялық талап пен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау режимдерін ескере отырып беріледі, — делінген хабарламада.