Президент ресми сапармен Жапонияға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсан күндері ресми сапармен Жапонияға барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сапар аясында император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сонымен қатар Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қазақстан президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады, – делінген хабарламада.