Алматыда 10 желтоқсанға қараған түні алғашқы қар жауды. Алматы қалалық полиция департаментінің дерегінше, кешкі сағат 20:00-ден бүгін таңғы 06:00-ге дейін 58 көлік апаты тіркелген.
Тоғыз адам жарақат алды, адам шығыны жоқ.
Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Патрульдік полиция экипаждары барлық шақыруға жедел шығып, жол-көлік аптын рәсімдеп жатыр.
Алғашқы қар — жол қозғалысы қашан да үшін сынақ. Жүргізушілерді ерекше мұқият болуға, арақашықтық сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға шақырамыз. Көлікті алдын ала қысқа дайындап, доңғалақ ауыстырып, техникалық жағдайын тексерген жөн. Автокөлік қысқы жолға дайын болмаса, сапардан бас тартқан дұрыс, – дейді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Естеріңізге салайық, елімізде 9 желтоқсаннан бастап нағыз қыз келетінін жазған едік.
10 желтоқсандағы күн райы мына жерде жазылған.
