Ақмарал Әлназарова ұшақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта денсаулығы нашарлаған жолаушыға көмектескеніне қатысты пікір білдірді.

Бұл мен көмектескен алғашқы жағдай емес. Тек алғаш рет біреу суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберді. Жолаушының қысымы көтеріліп, құсып жатқанын көргенде, бортсеріктер «Дәрігер бар ма?» деп сұрады. Жүгіріп барып көмектестім. Менің орнымда кез келген дәрігер дәл солай істер еді, – деді денсаулық сақтау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмарал Әлназарова ұшақта денсаулығы нашарлаған жолаушыға көмектескен. Бұл сәтті ұшақтағы өзге жолаушы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

Бұл видео желіде қызу талқыланды. Көпшілік Ақмарал Әлназарованың әрекетін «Қойылым» деген. Кейін денсаулық сақтау министрі көмектескен адам танымал журналист Гүлмира Әбіқай екені белгілі болды.