ШҚО-дағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан облысындағы Өмеш асуы арқылы өтетін тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ТЖД хабарлап отыр.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен мен Катонқарағай аралығындағы Өмеш асуы арқылы өтетін жолдағы шектеу 5 қараша сағат 08:00-ден бастап күшіне енеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен-Алтай- Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 46-66 шақырымындағы учаскесінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл шектеу қыстың соңына дейін сақталады, — делінген ақпаратта.