Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр.
2025 жылғы 24 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
