Не болды?
Конго Демократиялық Республикасының (КДР) әскери соты бұрынғы президент Жозеф Кабиланы сырттай өлім жазасына кесті. Бұл туралы Al Jazeera жазып отыр.
Мәлімет
Кабила мемлекетке опасыздық, адамзатқа қарсы қылмыстар, кісі өлтіру, жыныстық зорлық-зомбылық, азаптау және бүлік ұйымдастыру сияқты бірқатар қылмысы үшін сотталған.
Бұрынғы президент «23 наурыз қозғалысы» деген қылмыстық топтың бүлікшілерімен байланысып, соғыс қылмысын жасады деп айыпталды. Сот оны сырттай өлім жазасына кесті.
Алайда Кабила кінәсін мойындамай, тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептейді.
Естеріңізге салайық, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Республикасының қазіргі президенті Феликс Чисекедимен кездесіп, оны марапаттаған еді.
