Оқу-ағарту министрі тағайындалды

Экс-депутат Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылғы 25 тамызда Ақтөбеде туған.

2000-2004 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Тарих факультеті, «Тарих» мамандығы бойынша бакалавриат;

2006-2008 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша докторантура;

2008-2011 жж. ҚазҰУ докторантурасын «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды;

2000-2004 жылдары — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзіндік басқарма төрағасы болды;

2004-2006 жылдары — Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды;

2007-2008 жылдары — Ы. Алтынсарин №159 көпсалалы гимназиясының тарих және құқық пәнінің мұғалімі (Алматы) болды;

2010-2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорының орынбасары, жастар әкімшілігінің төрағасы болды;

2011 ж. — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы болды;

2011-2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы болды;

2012-2014 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері болды;

2014-2017 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды;

2017-2019 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» даму департаментінің директоры болды;

2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры болды;

2023 жылғы 29 наурыздан бастап — AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымынан босады.