Не болды?
31 тамызда түнгі сағат 23:47-де Ауғанстанның шығысында жер сілкінді. Ауғанстанның шығысында жер сілкінді. Қуаты — 6 балл. Дүмпу ошағы Пәкістанмен шекаралас таулы аймақта, 10 шақырым тереңнен анықталған.
Мәлімет
Жер сілкінгеннен 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2 800 адам түрлі жарақат алған. Қазір құтқарушылар қираған үйлердің астынан аман қалғандарды шығарып, ауруханаға жеткізіп жатыр.
Қай елдер көмектесіп жатыр?
BBC хабарлауынша, батыс елдері жер сілкінісі салдарын жоюға көмек беруге дайын.
Британия сыртқы істер министрлігі 1 миллион фунт стерлиң бөліп, қаражат серіктестер арқылы жіберілетінін айтқан. Министрлік көмек Ауғанстанды басқарып отырған «Талибан» қозғалысының қолына түспеу керек екенін көрсеткен.
Қытай, Үндістан және Швейцария да гуманитарлық көмек көрсетуге уәде берді.
Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманьям Жайшанкардың айтуынша, олар Кабулға мың шатыр жеткізіп, Кунарға 15 тонна азық-түлік жөнелткен. Сейсенбі күні қосымша гуманитарлық жүктер жіберілетіні хабарлаған.
БҰҰ өзінің шұғыл әрекет ету қорынан (CERF) 5 миллион доллар бөлді.
«Батыс елдері әлі көмек берген жоқ»
BBC Newshour бағдарламасында Асадабад қаласындағы дәрігер шағын ауруханасы 150 науқасқа арналғанына қарамастан, 200-ден астам адам қабылдағанын айтып отыр. Дәрігердің айтуынша, Батыс елдері Ауғанстанға көмек беруге уәде еткенімен, әзірге олар ештеңе алмаған.
«Халықаралық қауымдастық тәліптермен кез келген келіспеушілікті кейінге қойып, ауған халқына гуманитарлық көмек жіберуге тиіс. Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Бізге шатыр қажет, дәрі-дәрмек қажет» — деді ол.
