БҚО-да жылдар бойы тұрып қалған құрылыс нысандарының мәселесіне нүкте қойылды

Батыс Қазақстан облысында 2020-2022 жылдары басталып, аяқталмаған 55 әлеуметтік нысан тіркелген болатын.

Аталған нысандардың тұрып қалуына мердігерлердің жауапсыздығы, қаржыландырудың тоқтап қалуы, қажетті материалдардың жетіспеушілігі және тағы басқа жағдайлар себеп болды.

Алайда 2023-2024 жылдары нысандардың құрылысы қайта жанданып, бүгінгі таңда 53 нысан салынып бітті.

Атап өтерлігі, нысандардың қатарында – тұрғын үйлер, мектептер, спорт кешендері, су құбырлары және тағы басқа болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мердігерлерді жауапқа тартып, тиісті қаражат көздерін тауып мәселеге нүкте қойды.

Мәселен, БҚО Тасқала ауданында шынықтыру-сауықтыру кешені және Теректі ауданында үш қабатты тұрғын үйлердіңқұрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталу керек еді. Алайда түрлі себептерге байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Облыс әкімінің тапсырмасымен аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, биылғы жылы нысандардың құрылысы толықтай аяқталды.