Доллар 448–452 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448–452 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448,9-451,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,75–4,9 аралығында саудаланып жатыр.