Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қанша?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451–455 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,7–454,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 451,5–455,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 16 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,37 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,15 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,03–5,21 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,05-5,2 теңгеден сатылып жатыр.