Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы Францискпен кездеседі

Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Бұдан бөлек, президент БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.