Доллар 454–457 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 454– 457 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5–457,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 454–457 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 453,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93–5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95 — 5,05 теңгеден сатылып жатыр.