Облыстық сот жаңа ғимаратқа көшеді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық соттың жаңа ғимаратымен танысты. Екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары алдағы желтоқсан айында толық аяқталып, ғимарат пайдалануға берілмек.

Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан, жалпы аумағы 1,8 гектар жерді алып жатқан жаңа сот ғимаратын заманауи жабдықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы көлемі 17,5 мың шаршы метрді құрайтын заманауи төрт қабатты ғимаратта қаланың барлық соттары орналасатын болады. Мұнда судьяларға, сот қызметкерлеріне және келушілерге барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Жаңа сот ғимаратына Түркістан қаласында орналасқан 8 сот көшіп келеді.

Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа бекет көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Учаскелік инспекторлар мұнда тұрғындардың арыз-шағымын қабылдап, кез келген мәселені шешуге мүмкіндігі бар. Онда учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен қатар, көші-қон қызметі, әкімшілік практика, пробация қызметкерлеріне арналған жұмыс және демалыс орындары қарастырылған. Ерікті көмекшілер мен азаматтарды қабылдайтын арнайы кабинеттер, ана мен балаға арналған бөлмелері де бар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына барлық жағдай жасалған, ішінде арнайы жабдықталған санитарлық тораптар да қарастырылған.
– «Әділетті Қазақстан» құру туралы идеяның түпкі мақсаты – елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамның мүддесі мен талап-тілегін ескере отырып, осы мақсатта жұмыла әрекет етуіміз қажет. Бұл жауапты іс тікелей құқық қорғау саласы қызметкерлерінің адал еңбегі арқылы жүзеге асады. Сондықтан полицияның кедергісіз қызмет етуіне әкімдік тарапынан барлық қолдау көрсетілуде. Бұл – халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қарқынды қадам деп білемін. Елдің амандығы мен құқықтарының сақталуы ішкі істер саласы қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті десек, қателеспейміз. Бұл жұмыстарды бәріміз бірлесе атқаруымыз қажет, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі – ерекше назарда. Атап айтқанда, көне шаһарда қоғамдық тәртіпті реттейтін «Ұлттық Ұланның» әскери бөлімін құру қолға алынып жатыр. Бүгінде «ұландықтарды» орналастыру үшін қаладан арнайы орын белгіленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Онда спорт залы, асхана және техникалық бөлмелер бар әртүрлі функционалды аймақтар орналасады.

Келесі қабатта судьялар кабинеті, бейнебайланыспен кешенді жарақтандырылған сот отырысы залдары, прокурорлар, адвокаттар және медиация кабинетімен жабдықталады.

Бұдан бөлек, ғимаратта акт залы, оқу залы, күту залы, баспасөз орталығы, мұражай, мұрағат орналасқан және психологиялық көмек көрсету бөлмесі болады. Заманауи және функционалды ғимарат сот төрелігін тиімді және сапалы жүзеге асыруға ықпал етеді.

Ғимараттың кіреберісінде электронды түрде қарауға болатын сот қызметі туралы қажетті электронды ақпараттар мен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған.