Доллар мен рубльдің 2 қазанға арналған бағамы белгіленді

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 2 қазанға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 474, 47 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,88 теңге.

29 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,70 теңгеге төмендеп, 474, 99 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475–481 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 477–480,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75–4,90 аралығында саудаланып жатыр.