“Спорт күні” мерекесі қарсаңында Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Жайық спортының өркендеуіне үлес қосқан бірқатар спорт ардагерлерімен кездесті.
Елімізде 2003 жылғы 15 қарашадағы Президент Жарлығына сәйкес, тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін аталмыш мейрам қарсаңында шаһар спортының дамуына үлес қосып жүрген ардагерлерді әкім “Спорт ардагері” төсбелгісімен марапаттады. Олар:
Әнесов Мынатаубиік Тауфихұлы – Орал қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы, еркін күрестен КСРО спорт шебері.
Адаев Михаил Петрович – зейнеткер, допты хоккейден КСРО спорт шебері, футболдан тұңғыш БҚО жоғары лигасының чемпионы «Локомотив» командасының жоғары санаттағы жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Чупрова Вера Александровна — Орал қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Хасанов Құбайдолла Хамзаұлы — парапауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшы-ардагерлер арасында 2 дүркін Азия чемпионы.
Хабибуллин Адгам Садыкович – грек-рим күресінен әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпаздарын дайындағаны үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Коломоец Николай Константинович – педогогика ғылымдарының кандидаты, еңбек жолын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасында қызмет етуге арнаған, гір спортынан ардагерлер арасында 2 дүркін Азия чемпионы.
