Биыл еліміздің тоғыз облысында өрт оқиғалары жиі тіркелген. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Өрттердің саны Абай облысында 90,4%-ке, Батыс Қазақстанда-42,4%, Қостанайда-38,5%, Жамбылда-34,9%, Ұлытау облысында-22,8%, Ақтөбеде-18,4%, Қызылордада-17%, Жетісуда-3,7% және Алматы облысында 42%-ке өскені байқалды, — делінген хабарламада.
Бұл ретте өрт оқиғалары Қарағанды (-18,5%), Солтүстік Қазақстан (-12,5%), Маңғыстау (-8,3%), Павлодар (-8,3%), Шығыс Қазақстан (-7,2%), Ақмола (-4,3%) облыстары мен Алматы қаласында 12,8%-ке азайған.
