Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446–450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 447–450,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,36 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,21–5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,27-5,37 теңгеден сатылып жатыр.