Бір тәулікте 93 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 1 651 адам коронавирус инфекциясынан (–1 479+ және 172 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 96 пациент стационарда, 1 555 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 2 адамның жағдайы ауыр;
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.