Қазақстанда 21-23 ақпан күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы ауа-райын үлкен қоры бар белсенді атлантикалық циклон анықтайды, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, екпінді жел болжанады. Күндіз ҚР оңтүстігінде найзағай болады.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі мүмкін, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде 3 аяз-3 жылы болады, — делінген хабарламада.