Зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңгеден асты

Ведомство мәліметінше, қаңтарда қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 274,1 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленсе, оның 84,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 189,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 292 мың адам. Жалпы зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 82 878 теңге, базалық зейнетақы — 37 781 теңге, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да