Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шақырылымдағы парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын, — деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Атап айтқанда, дәл қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр.
Бірлескен отырысқа мәжілістің 107 депутатының 100-і және сенаттың 55 депутатының 50-і қатысып отыр.
Мемлекет басшысының жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
