Атыраулық 107 түлек облыс әкімінің грантымен білім алады

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысында белгілі болды. Жиын барысында облыс әкімінің грантына өтініш берген үміткерлер тізімі қаралды.

Атырау облысы әкімдігінің 2022-2023 оқу жылына арналған жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде білім беру гранттарына құжат қабылдау 10-17 тамыз аралығында өткен еді.

3361062578f07ffdb8027d7849978b76 Атыраулық 107 түлек облыс әкімінің грантымен білім алады
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, өңірдегі кадр тапшылығын шешу мақсатында облыстық бюджет есебінен денсаулық, білім және басқа да маңызды салалар бойынша білім беру гранттары бөлініп отыр. Биыл конкурсқа қатысуға 231 талапкер өтініш берген.

d4904534efb56823985edfcafe0c1520 Атыраулық 107 түлек облыс әкімінің грантымен білім алады
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Әкім грантын иеленген түлектердің дені – болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер. Атап айтқанда, облыс әкімінің грантын жеңіп алған 107 түлектер арасында 32 түлек М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне, 19 түлек С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетіне түссе, Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына білім алуға 5 жас оқу грантын ұтып алды.

5891225caaf1414b43815bb037375711 Атыраулық 107 түлек облыс әкімінің грантымен білім алады
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

9 түлек «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне, 40 түлек Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне, 1 түлек Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне, ал 1 түлек қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсті.

8fdc516cc27440d0fec17baf6a95264b Атыраулық 107 түлек облыс әкімінің грантымен білім алады
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да