Атырау облысында 7 айда 41 автокөлікте өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 17 жүк көлігі, 23 жеңіл көлікті жалын шарпыды, -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Автокөліктегі өрттің шығуына бірнеше себеп бар. Электр жабдықтарының бұзылуынан 28, жанар-жағар май жүйесінің ақауынан 6, көлік салонында шылым шегудің салдарынан 7 көлік өртенген.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерден авкөліктің техникалық қауіпсіздігіне баса көңіл бөлуді сұрайды.
