22-23 шілде күндері Алматы облысында 40-41 градусқа дейінгі ыстық болады. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сіздерден үйден шықпауларыңызды сұрайды. Күн өткен жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты ыстық кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады, — делінген хабарламада.
Ведомство қызметінің мамандары ауа райына байланысты ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобайл қосымшасын жүктеуге кеңес береді.
