Алматы облысында үш демалыс орнын су басты

Ақпаратқа сәйкес, 13 шілдеде сағат 18:00 шамасында Ұйғыр ауданында нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Шонжы-Қалжат» автожолының 55-шақырымында биіктігі шамамен 5-10 сантиметр болатын сел жүрді.

Үш демалыс аймағының ауласын су басты, ал тұрғын үй-жайлар мен ғимараттарда су басу тіркелген жоқ. Қазір жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.